ҚР Мемлекеттік хатшысы әйелдердің жаһандық саммитіне қатысуда
Польша премьер-министрі Беата Шидло Ақтөбеде болған оқиғаға байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты. Бұл қайғының әлем үшін ортақ екенін ол Варшавада Гүлшара Әбдіқалықовамен болған кездесу кезінде жеткізді. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Польша астанасында өтіп жатқан әйелдердің 26-ыншы жаһандық саммитіне қатысуда. Оған әлемнің 75 елінен делегат жиылған. Айтулы шарада Мемлекеттік хатшы еліміздегі әйелдер қауымының Қазақстан экономикасының дамуына зор үлес қосып жатқанын айтты. Сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиясы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаларын сөз етті. Ресми сапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған. Ирен Нативидад, Әйелдердің жаһандық саммитінің президенті -Бұл саммит 26-ыншы рет өткізіліп отыр. Біз бұл жерде әйелдерге қатысты түйіткілдерді емес, олардың шешу жолдарын қарастырамыз. Саммитке Қазақстанның да қатысқанына қуаныштымыз. Себебі Қазақстан – әлемдік экономиканың бір бөлігі. Бұл жерде сіздердің елдің тәжірибесімен, ерекшелігімен танысуға, бірге жұмыс істеуге мүмкіндік бар.